• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы №262 

388 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 21 маусым Астана қаласы Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының  ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қантардағы Экологиялық кодексі 17-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2 осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.БОЗЫМБАЕВ «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Инвестициялар және даму министрі Iшкi iстер министрі ______________ А. Мырзахметов ______________ Ж. Қасымбек ______________ Қ. Қасымов 2016 жылғы 17 маусым 2016 жылғы 24 маусым 2016 жылғы 22 маусым Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №262 бұйрығымен бекітілген Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесі 1. Finasol OSR 51, Франция түсі: қалампыр түсті, қара; қату температурасы, оС: <-37; тұтану температурасы, оС: 65; тығыздығы, г/см3: 0,87-0,89; ерігіштігі: суда ериді; биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: OECD 301F 69% әдісі кезінде 28 күнде жеңіл биодеградациялану. 2. Inipol IPF, Франция түсі: ашық-сары; қату температурасы, оС: < -30; тұтану температурасы, оС: 78; тығыздығы, г/см3: 0,91-0,94 (20оС); ерігіштігі: көмірсутектер. 3. Corexit EC9500A, АҚШ түсі: янтарлы; қату температурасы, оС: <- 57; тұтану температурасы, оС: 83; тығыздығы, г/см3: 0,95; ерігіштігі: сумен араластырады, рН 6,2 биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: биоаккумуляцияға қабілеттілігі күтілмеген. 4. Inipol IP-90, Франция; түсі: ашық-сары; қату температурасы, оС: <-10; тұтану температурасы, оС: 64; тығыздығы, г/см3: 0,95; ерігіштігі: су. 5. Dasic Freshwater Dispersant, Ұлыбритания. түсі: қоңыр; қату температурасы, оС: <-10; тұтану температурасы, оС: 72; тығыздығы, г/см3: 0,9 (20оС); ерігіштігі: суда ериді; биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: биодеградациялануға жатады, биожинақталуы төмен. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14018 болып енгізілді.